«Қазақстан» телеарнасының премьерасы: «Қызыл сарайдағы түс» тарихи дастаны (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай тарихындағы танымал теленовеллалардың бірі «Қызыл сарайдағы түс» атты хикаясы 3 тамыздан бастап қазақстандық экраннан көрсетіле бастады.

Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.

Әдемі декорациялар, қымбат және әсем киім үлгілері, сол кездегі қалпына келтірілген тұрмыстық жағдай Цин династиясының дәуіріне бойлай енуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан» телеарнасы өте күрделі, әрі әдемі және сазды тілде, ежелгі қытай - мандарин диалектісінде түсірілген 50 сериялық телехикаяның күрделі синхрондық дубляжын іске асырды. Хикая 2010 жылы Азияда телехикаялардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. Хикаяның бюджеті 19 млн. $.

Хикаяның бас кейіпкері Цзя Баоюй отбасында әйелдері басым түскен ауқатты отбасының мұрагері (« Қызыл сарай» деп аталуының бір мәні - «ауқатты отбасылардың қыздары өмір сүретін үй-жай»; атаудың басқа бір дереккөзі - бесінші тарауда Баоюй көретін түсі: бұл түсте кейіпкерлердің басым бөлігінің тағдыры қызыл бөлмеде болжамданады).

Хикаяда 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкерлер бар. Дәл осы хикаяда Қытай халқының әйгілі шай ішу рәсімі толық көлемде және дәл көрсетіледі. Туынды көптеген махаббат және сарай ішіндегі шытырмандарға толы. Хикая Цаю Сюэцин 18 ғасырда жазған туынды бойынша түсірілген.

Жаңа маусымда «Қазақстан» телеарнасы « Қызыл сарайдағы түс» тарихи дастанның кейіпкерлерінің басынан өткен нағыз сезімталдық және драмалық қасіреттеріне бойлай енуге мүмкіндік береді! Хикая орыс тіліндегі жүгіртпе аудармамен қатар көрсетіледі. Сондықтан да, телехикая аудиторияның кең ауқымына қызық болады деген сенімдеміз. Жіберіп алмаңыздар! 3 тамыздан бастап сағат 19.35-те дүйсенбі-жұма аралығында «Қазақстан» телеарнасында « Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы!