ТМД елдері арасында көш бастады. Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.
Бұл тізімде Ресей Федерациясы 67-ші және Украина 73-ші орындарды иеленді (2010 жылы РФ- 66, Украина-82). БЭФ сарапшыларының бағалауына сәйкес Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша өз позициясын жақсартты.
« Атап айтқанда, 2010 жылмен салыстырғанда инфрақұрылым жағынан Қазақстан 82-ші орыннан 67 орынға көтерілсе, ұялы байланыс абоненттерінің саны жағынан - 20-шы орынға (2010 жылы 38 орын), Интернет желісін пайдаланушылар саны бойынша - 62-ші орын (2010 жылы 77 орын), Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке ие абоненттердің саны бойынша - 67-ші орынға (2010 жылы-71), Интернетті өткізу қабілеттілігі бойынша -53 орынға (2010 жылы-74 орын) көтерілді»,-делінген министрліктің мәліметтерінде.
3G, CDMA-450/800, 4G, FTTН, FTTB секілді жаңа технологияларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының тұрғындарын телекоммуникация қызметтерімен және инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген шаралардың қорытындысы жоғарыда аталған көрсеткіштердің әлемдік рейтингте айтарлықтай өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.