Қазақстан темекі түтінінің құрамы туралы шындықты ашып көрсететін Канададан кейін әлемдегі екінші ел болады
19:24, 01 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат. Посткеңестік елдер ішінде Қазақстанда тұңғыш рет темекінің әр қорабында және орамасында темекі шегудің зияны туралы суреттер және темекі сататын орындарда тиісті ескертулер орналастырылатын болады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан темекі қораптарында 6 удың деңгейін көрсетіп, темекі түтінінің құрамы туралы шындықты ашып көрсететін Канададан кейін әлемдегі екінші ел болады.