Оның сөзіне қарағанда, жыл басында темір жол тасымалына тарифтердің жеті пайызға артуы компанияның қаржылық көрсеткішін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. «Осы орайда біз биыл жабдықталған үш жүз жаңа вагонды алатын боламыз», - деді Е. Төлегенов.
Сонымен қатар ол бұл вагондарды алғаннан кейін пойыздардың құрамы толық жасақталады. Атап айтқанда, осы вагондар кондиционерлермен, мейрамханалармен және басқа да қажетті жүйелермен жабдықталған.
Бұған қоса, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңадан электропойыздарды сатып алуды көздеп отыр. Олар Астана - Бурабай, Астана-Қарағанды, Астана-Павлодар аралығында жолаушылар тасымалдайды.