«Біз Трансформация бағдарламасы аясында жүк, жолаушылар тасымалы, инфрақұрылым сынды басқа да маңызды конпетенциялардағы негізгі бизнес-процестерді толығымен қайта қарауға ниет танытып отырмыз. «Дженерал электрик», «Альстон» сынды танымал компаниялармен серіктестік біздерге көп жайтарда зор мүмкіндік береді. Бірінші кезекте, компания тиімділігін, корпоративтік басқару деңгейін арттыруда тәжірибе жинаймыз. Толықтай алғанда, бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2020 жылға дейін біз шығынды 500 млрд. теңгеге дейін төмендетеміз», - деді А.Мамин.
Оның сөзіне қарағанда, бірқатар өндірістік процесстерді қайта қарау жоспарланып отыр. Мәселен, реинжиниринг жүргізілетін болады. Бұл компания тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.