Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегіден 4,3%-ға көп, деп хабарлайды halyk-ipo.kz сайты.
Халықаралық қаржылық есеп стандартының шоғырландырылған есебіне сәйкес, ҚТЖ-ның қаңтар-қыркүйек айларындағы жиынтық табысы - 9,2%-ға өсіп, 210,173 млрд. теңгеге, түсімі - 6%-ға артып, 624,304 млрд. теңгеге жетті.
Табыс салығы түрінде мемлекеттік бюджетке 25,252 млрд. теңге бағытталды.
ҚТЖ-ның активтері - 14,3%-ға өсіп, 2,352 трлн. теңгеге, жеке капиталы -21,2%-ға артып, 1,243 трлн. теңгеге жетті.
22:06, 29 Қараша 2013
«Қазақстан темір жолы» 93,941 млрд. теңге таза пайда тапты
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» АҚ (ҚТЖ) ағымдағы жылдың үш тоқсаны ішінде 93,941 млрд. теңге таза пайда тапты.