«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін еншілес компанияларды үш есеге қысқартатын бағдарлама әзірленді, яғни бүгінгі 102-ден 30-ға дейін», - деді Ө. Шөкеев.
Сонымен қатар, ол «Локомотив» АҚ мен «Қазтеміртрансты» біріктіруді ұсынды. Яғни барша жүк көлігін локомотивтермен біріктіріп, 75 пайызын сату қарастырылған. Бұл тұрғыда тосқауылдаушы пакетті қалдыру ескерілмек.
«Жолаушылар тасымалында да ҚТЖ тек тосқауылдаушы пакеті қалдырады. 100 пайыздық деңгейде ҚТЖ тек магистралды инфрақұрылымда және жаңа логистикалық активтерде қалады», - деп тоқталды Ө. Шөкеев.