«Көлік жүйесі оның ішінде теміржол саласы экономиканың күретамыры болып табылады. Еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуда «Қазақстан темір жолы» ҰК маңызды орын алып отыр. Бүгінгі күні әлемдік бәсекеге сай қызмет көрсетіп отырған бірегей компания шын мәнінде еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының локомотивіне айналды. Бұл орайда, осы саланың дамуына үлес қосып отырған теміржол қызметкерлерінің ерен еңбегін ерекше атап өткім келеді», - деді С. Ахметов.
Сонымен қатар, үкімет басшысы ұлттық компанияның алдағы уақытта да ұлттық теміржол жүйесін қамтамасыз етіп, ел экономикасының тірегі болатынына сенім білдірді.