Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалармен бірлесіп теміржолшылар тасқынды су өтетін аймақтардағы барлық инженерлік құрылғыларды мұқият қарап шықты. Теміржол төсеніштеріне жақын орналасқан су қоймалары мен плотиналар тексерілуде.
«Көлік құралдары, дрезиналар, автотракторлық техника толықтай дайындыққа келтірілді. Жанар-жағармайының арнайы қоры құрылды. Су өткізу құбырларын, көпірдің технологиялық тесіктерін қоқыстан, мұздан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте 6 мыңнан астам құрылыстар аршып алынды»,-делінген хабарламада.
Қазіргі таңда кондициялы емес темірбетон шпалдарымен, рельс пакеттерімен, кесек тастармен жабдықталған 30-ға тарта арнайы пойыздар құрылды. Қажетті жағдайда желі қызметінің жұмысшылары қысқа мерзім ішінде жолдарды қалпына келтіреді және пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 42 арнайы пойыз жасақталады.
Су тасқыны бола қалған жағдайда жауапты тұлғалардың тәулік бойына кезекшілігі, тексерістер орын болады.