«Қазақстан темір жолы» компаниясында қысқарту болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясында қысқарту жүргізу көзделіп отырған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР ОКК-де өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Мақсат Қабашев мәлім етті.

«Өздеріңізде білетіндей, ҚТЖ Қазақстанның шынайы экономикасындағы ірі жұмыс беруші саналады. Компанияда шамамен 150 мың адам жұмыс істейді. Негізгі басымдық - жұмыс орындарын сақтау. Осы мақсатта жыл басында кәсіподақтармен заңнамаға сәйкес жұмысшылардың жалақысы сақталмайтын 20 күнге дейін демалысқа шығуы қарастырылған шара әзірленді. Жұмысшыларға мұнан өзге ешқандай шара қарастырылып отырған жоқ», - деді М.Қабашев. Оның сөзіне қарағанда, бұл шара ағымдағы жылы шамамен 5 мың жұмыс орнының сақталуына өз септігін тигізді. «Бұл жалғыз ғана шара болатын. Компания өзге шара қабылдаған жоқ. Атап өтерлігі, келесі жылы да жұмысшылардың еңбек жағдайларының нашарлауына байланысты қандай да бір шаралар немесе қысқарту қарастырылып отырған жоқ», - деді ол.