«Қазақстан темір жолы» компаниясының биылғы бірінші жартыжылдықтағы табысы 286 миллиард теңгені құрады

СТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясының биылғы бірінші жартыжылдықтағы табысы 286 миллиард теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кеңейтілген отырысында «ҚТЖ» ҰК-ның президенті Асқар Мамин мәлім етті.

А. Мамин жүк айналымы бірінші жартыжылдықта 101,2 миллиард т/шақырымды, жолаушылар айналымы 6,2 жолаушы/шақырымды құрағанын, атап айтқанда бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда сәйкесінше 13,6 пайызға және 5,9 пайызға жоғары екенін жеткізді.

«Компанияның кірістері 286 миллиард теңгені құрады. Бұл 2009 жылдың көрсеткішінен 20,6 пайызға асып түсті. Компанияның таза табысы 41,2 миллиард теңгені құрады»,-деді компания басшысы.