«Өткен кезеңде жоспарланған өндірістік қаржылық көрсеткіштердің барлығы орындалып, олардың өсімі қамтамасыз етілді, - деді Қ. Алпысбаев сөзінде.
Оның айтуынша, жүк айналымы былтырғымен салыстырғанда 9% артып, 106,5 млрд км-ді құрады. Жүктердің ішінде тау-кен, астық, химикаттар, тыңайтқыштар және құрылыс жүктерін тасымалдау көлемі артқан.
2018 жылдың соңына дейін жүк айналымын 219 млрд. км-ге деңгейіне жеткізу жоспарлануда.
Транзит өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 23, яки 6,8 млн тоннадан 8,3 млн тоннаға көбейген. Яғни жоспар 7 пайызға артық орындалып отыр. Транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 206,6 мың эквивалентті құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 39,5% жоғары. Қытай/Азия-Еуропа - Қытай/Азия бағытындағы тасымал 2017 жылғы деңгейден 1,4 есеге артып, 109 мың эквивалентке жетті.
Транзиттік дамытуға басымдық берген компания басшысы «Мемлекет басшысының транзиттік жүк айналымы көлемін 2020 жылға дейін 2 млн контейнерге және транзиттен түсетін пайданы 5 млрд доллар көлеміне жеткізу бойынша тапсырма бергенін еске салды.
Қазіргі таңда компанияның 26% кірісі транзиттік тасымал есебінен құралып, ол жалпы жүк айналымы көлемінің 14% жетіп отыр.
Отырыс барысында компанияның қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүк және жолаушылар тасымалы, темір жол инфрақұрылымының жағдайы, көлік-логистика, өндірістік - қаржылық қызметтердің дамуы туралы басшылар есебі тыңдалды. Сондай-ақ жүк тасымалын ұйымдастыру, күтіп ұстау және осы саладағы озық тәжірибелер сөз болды.