Б.Қамалиев 1960 жылы 13 қарашада Қарағанды облысында туған. 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 1996 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша, 2005 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын «менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
2001-2006 жж. - Қарағанды автомобиль жолдары облыстық басқармасының бастығы, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік инфрақұрылымды дамыту комитеті басшысы. 2006-2010 жж. - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, одан кейін Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы. 2010-2014 жж. - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2014 жылдың мамырынан - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы. «Құрмет» орденімен марапатталған. Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасының шешімімен компанияның бұрынғы вице-президенті Ермек Қизатов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ермек Қизатов 1961 жылы 6 тамызда Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын темір жол құрылысы, жолдар және жол шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Целинная темір жолында, «Қазақстан темір жолы» РМК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушылық қызметтерде болған. 2008 жылдың сәуірінен «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті. «Құрмет» орденімен марапатталған.