21:20, 02 Сәуір 2009
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппараты қызметкерлерінің саны қысқартылды
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» холдингі мен оның еншілес және бағынышты компанияларында қызметкерлер санын қысқарту туралы тапсырма берген болатын.
Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов «Самұрық-Қазына» холдингінің және оның еншілес және бағынышты компанияларының штаттарын қысқару жұмысын жүргізу жөнінде тапсырма берді.ҚазАқпаратқа «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлауынша, бүгін аппараттық кеңесте «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» холдингінің ұлттық компанияның орталық аппаратының және оған бағынышты еншілес ұйымдарының штаттық санын 15 пайызға қысқарту туралы шешімін жариялады. Қызметкерлердің лауазымдық жалақылары 30 пайызға төмендейді, бірақ та бұл өндірістік нысандардағы инженер-техник қызметкерлеріне қатысты емес. Бұл мәселемен арнайы құрылған жұмыс тобы айналысады.Ұлттық компания басшысы құрылымдық бөлімшелер басшыларының алдына қысқартуға ұшыраған қызметкерлерді еңбекке орналастыру міндетін қойды. Сондай-ақ әкімшілік шығындар, соның ішінде іссапар шығындары қысқартылады, сыйақылар мен бонустар және т.б. алынып тасталады.