Жыл сайын өткізілетін шараның мақсаты - темір жол көлігіндегі болашағынан үміт күттіретін білікті маманды қолдау және әлеуметтік жауапкершілікке дайындау. Байқауға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарында қызмет ететін 17 мен 30 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Жеңімпаздарды бірнеше аталымдар бойынша сыйлықтар күтеді. Олардың арасында «Жылдың жас машинисі», «Жылдың жас жолсерігі», «Жылдың жас бағдарламашысы» секілді Ұлттық компаниясының сан саласын қамтитын 23 түрлі аталым бар.
Байқауға қатысушы үміткерлер мынадай құжаттарды тапсырады: байқауға қатысуға өтініш, түйіндеме, және басқа да құжаттар. Оған қоса еңбек ұжымы жетекшісінің ұсынымы беріледі.
Байқауға құжаттарды қабылдау екі ай мерзім ішінде -2012 жылғы қазанның 15-іне дейін, 010000, Астана қ., Қонаев көшесі 6, 908 бөлме, «А» блогы, әлеуметтік жұмыстар басқармасына қабылданады. Телефондары: 7 (7172) 60 45 89, 60 45 95, 60 63 36.
Байқауға қатысуға қажетті құжаттар жөніндегі толық ақпараттарды www.goodrail.kz және www.zhastemir.kz . сайттарынан таба аласыздар.