«Қазақстан темір жолының» 3 млрд. теңгесін жымқырған ұлттық компанияның бұрынғы қызметкері Араб елінде ұсталды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Араб Әмірліктерінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының бұрынғы қызметкері Ерлан Қожасбай ұсталды.

Жуырда полицейлер анықтағандай, ол 11 жыл бұрын АҚ-ның 3 млрд. теңгесін жамбасына басқан.

Айта кетейік, одан кейін ол елдің сауда-өнеркәсіп палатасының бастығы болып та үлгерген. Бұл туралы «Экспресс К» газетіндегі «Снабжен по собственному желанию» мақаласында (2012 жылдың 4 мамырындағы № 78 (17436) журналист Анжелика Громова жазды.

Қазіргі кезде қашқынды елге экстрадициялау мәселесі шешілуде. Бұл туралы кеше ІІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті. Оның мәліметтерінше, Қожасбай қылмысты жасаған кезде «Қазақстан темір жолының» материалдық-техникалық жабдықтау департаментіне басшылық еткен.