«Мәскеу - Нұр- Сұлтан және Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген. COVID-19 бойынша тест олардың індет жұқтырмағандығын көрсеткен. Дей тұрғанмен, олар қазір үй карантинінде», делінген хабарламада.
Компанияның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да коронавируспен ауырған ешкім жоқ.