«Қазақстан темір жолының» орталықазиялық аймақтағы өкілдігінің басшысы тағайындалды

ТАШКЕНТ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының орталықазиялық аймақтағы өкілдігінің басшысы тағайындалды.

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Асқар Маминнің бұйрығымен Тоқтасын Қалмырзаев ұлттық компанияның орталықазиялық аймақтағы өкілдігінің басшылығына (Ташкент қаласы) тағайындалды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Съезбек Әлішев «Қазақстан темір жолы» компаниясының «Қызылорда жол бөлімі» филиалының директоры қызметіне ауыстырылды.