«Қазақстан теміржолы» компаниясы Қытайдың теміржол министрімен келісім жасады
Бұл туралы құжатқа 17-18 қаңтар күндері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин басқарған делегацияның Қытай Халық Республикасында жұмыс сапары барысында қол қойылды.
«Жұмыс сапары барысында делегация мүшелері ҚХР темір жол министрі Лю Чжицзюнмен, құрылыс және жобалаушы кәсіпорындардың басшыларымен кездесулер өткізіп, 2011 жылға екіжақты әріптестіктің өзекті жайларын талқылады», - делінген компания таратқан баспасөз айғағында.
2010 жылы ҚР мен ҚХР арасында жүк тасымал көлемі 15154 мың тоннаға жеткізілген. Достық стасысындағы транзиттік жүк тасымалы 141147 контейнерді құрады. Бұл белгіленген жоспардан 6 пайызға артық. 2009 жылмен салыстырғанда 56 пайызға өскендігі байқалды.
«Алайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР арасындағы темір жол саласындағы байланыс жүк тасымалымен шектеліп қалмайды ол стратегиялық маңызға ие. Сондықтан ҚТЖ делегациясы аса ауқымды жайларды сараптаудан өткізді», - делінген баспасөз ақпаратында.