«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тобының - «Локомотив» АҚ мен «Қазтеміртранс» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 75 млрд. теңге көлеміндегі ұзақ мерзімдік заемына ие болды», - делінген ҚТЖ-ның таратқан хабарламасында.
Қаржының 15 млрд. теңгесі «Локомотив» акционерлік қоғамының локомотив паркін жаңартуға, қалған 60 миллиарды «Қазтеміртранс» компаниясының вагондар паркін жаңалауға жұмсалатын болады.
Заем ұлттық валюта түрінде 2017 жылға дейін, Қазақстан темір жолының корпоративтік кепілдемесі негізінде берілді.