Спикердің айтуынша, соңғы жылдары темір жолдарды дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.
– Қытай бағытында Достық – Мойынты екінші жолы салынды. Алтынкөл станциясы және Алтынкөл – Жетіген учаскесі жаңартылды. Осының арқасында Қытай бағытында тәулігіне 75 пойызға дейін өткізуге мүмкіндік бар, – деді вице-миинстр.
Өзбекстан бағытында Сарыағаш және Оазис станцияларының өткізу қабілеті арттырылды. Дарбаза – Мақтаарал теміржолы аяқталып, Сырдария бекеті ашылған соң тәулігіне 60 пойыз өткізуге болады.
– Ресейлік әріптестермен тиісті келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде тәулігіне 100 пойыз өткізуге мүмкіндік бар. Осылайша, негізгі экспорттық бағыттарда астық тасымалын одан әрі арттыруға жағдайлар жасалған, – деді Жәнібек Тайжанов.
Тасымалды тұрақты бақылау үшін Көлік министрлігінде жедел штаб жұмыс істейді. Министрлік паркінде 16 900 астық вагоны, 17 800 жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар.
Бұған дейін вице-министр Қазақстан астығын қай елдер көбірек сатып алатынын айтқан еді.