АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - 13-14 желтоқсан күндері елордада Қазақстан Теннис федерациясының жыл сайынғы қорытынды конференциясы өтіп,
онда еліміздің теннисін дамыту мәселелері мен басымдықтары талқыланады.
ҚР Теннис федерациясының ақпаратына қарағанда, конференция барысында «10 жасқа дейін теннис», «Team Kazakhstan» бағдарламаларын дамыту, қазақстандық теннис турларының қызметі туралы сөз болады. Сонымен қатар 18 желтоқсанда Көкшетауда өңірлік теннис орталығының ашылуы да жеке қаралады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.