Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform.
Марат Шәріповтің шәкірттері алғашқы кездесуінде Аргентина командасын жеңді.
Алдымен Полина Слепцова (224 ITF Juniors ranking) мен Соль Айлин (117 ITF Juniors ranking) кортқа шықты.
Тартысты матч қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды – 7:6 (9:7), 6:3.
Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен айласын асырды.
Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді - 5:7, 6:4, 10:12.
Жалпы есеп – 2:1, Қазақстанның пайдасында.
Командалық әлем чемпионатының В тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді.
Ұлыбританиялықтар бразилиялықтарды 3:0 есебімен ұтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қазақстанның екінші ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Андрей Голубев София турнирінің ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).