АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдер арасында жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, 24-орынға жайғасты.
Юлия Путинцева енді әлемдік рейтингіде 55-ші, Зарина Дияс 499-шы орында тұр.
Жұптық разрядта Анна Данилина өзінің жеке рекордын қайталап, 19-шы орынға көтерілді. Жібек Құламбаева да өз позициясын жақсартып, 186-ыншы болды.
Фото: sports.kz
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.