НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондон қаласында Билли Джин Кинг кубогы финалдық бөлігі топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің әйелдер құрамасы С тобына түсті.
Қазақстандық теннисшілер корт иесі – Ұлыбритания, сондай-ақ Испания құрамасымен ойнайды.
Айтулы дода Шотландияның Глазго қаласында 8-13 қараша күндері өтеді.
Қазақстан әйелдер құрамасы (капитаны Ярослава Шведова) биылғы сәуірде елордада командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Германия теннисшілерін ұтып, өз тарихында алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Мемлекет басшысы Рыбакинаны жеңісімен құттықтады.
Елена Рыбакина жеңіс үшін барын салғанын жеткізді.
Букмекерлер Уимблдон финалында Елена Рыбакинаның қарсыласын фаворит деп танып отыр.
Фото: ktf.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).