Қазақстан теннисшісі Ярослава Шведова қытайлық Ли Наны жеңді

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Францияда өтіп жатқан әйгілі «Ролан Гаррос» турнирінде әйгілі қытай спортшысы Ли Наны жеңген қазақстандық теннисші Ярослава Шведова аталған жарыстың ширек финалына шықты.

Осы «Ролан Гаррос» турнирінің өткен жылғы жеңімпазы, әлемнің жетінші ракеткасы Ли На бірінші сетте Қазақстан теннисшісін 6:3 есебімен ұтқанмен, екінші сетте Ярослава Шведова 6:2 есебімен қарсыласын қапы қалдырды. Шешуші партияда Қазақстан теннисшісі мықты қарсыласын 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Тартысты бәсеке кеше Астана уақыты бойынша 20 сағат 55 минутта аяқталды. «Еуроспорт» телеарнасы арқылы бұл тартысты өткен бәсекені Қазақстан жанкүйерлері де көре алды.

Сөйтіп, Я.Шведова келесі кезеңге өтті.