Қазақстан теннисшісі Ярослава Шведова Уимблдон турнирінде жұптасып ойнаудан ширек финалға шықты

None
АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ярослава Шведова Уимблдон теннис турнирінде жұптасып ойнаудан ширек финалға шықты,

деп хабарлайды ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Ярослава Шведова мен американдық Вания Кинг екі ойында ресейлік Надежда Петрова және австралиялық Саманта Стосурды 6:4,6:4 есебімен жеңді. Ширек финалда Я.Шведова мен В. Кинг Словения спортшысы Катарина Среботник және чехиялық Квета Пешкемен кездесетін болады.