Қазақстан теннистен Президент Кубогін өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қазақстанда Президент Кубогі үшін теннистен дәстүрлі турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Президент Кубогін» барлығы жақсы болса, міндетті түрде өткіземіз. Бұл, жыл ортасында өткізілетін маңызды турнир. Онда келешегінен үміт күттіретін ойыншыларымызды бақылаймыз. Жиі Кукушкин, Недовесов, Голубев қатысады. Рейтингідегі орнына байланысты Бублик қатыспайтын шығар. Бірақ біз үшін бұл – спортшыларымыздың жарты жылдағы прогресін көруге мүмкіндік беретін алаң. Сол себепті оны міндетті түрде өткіземіз», - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

Еске салайық, Президент Кубогі 2007 жылдан бері өткізіліп келеді және ол дәстүрлі түрде Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылады.