Қазақстан Тесламен бірлесіп электромобильдер құрастыруды қарастыруда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Тесла Моторс компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтыңмүмкіндіктерін тақылады. Атап айтқанда, компанияның Қазақстан Республикасыныңинфрақұрылымдық жобаларына қатысуын, автокөлік өндірісін, сондай-ақ электрлі қуаттандыру жүйесін(электромобильдер үшін) құру мүмкіндігін қарастырды», - делінген аталғанминистрліктің мәліметінде.

Вице-министр ынтымақтастыққа қызығушылық білдіріп, машина жасау саласын дамыту жөніндегі алдағыжоспарлар туралы хабардар етті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 200-ге жуықэлектромобиль бар.

Қазіргі уақыттаэлектромобильдерге инфрақұрылым жасау жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындажәне Нұр-Сұлтан-Щучье тас жолында қарқынды жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар