Қазақстан тиімді және заманауи саяси модельге көшуде – сенатор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пармаленттің бірлескен отырысында Сенат депутаты Динар Нөкетаева жаңа демократиялық нормалар тезірек жұмыс істеуі үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта іске қосу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор бұл пайымын «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдау кезінде мәлім етті.

«Бүгін біз қарастырып отырған Конституцияға енгізілетін түзетулер Мемлекет басшысы бастамашылық жасап, дәйекті түрде жүргізіп отырған жаңартылған демократиялық реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін түбегейлі маңызға ие. Кейінгі үш жылда демократиялық институттарды ұлғайту үшін үлкен жұмыс атқарылды. Партия жүйесін дамытуға, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауға және оны іске асыруға бағытталған заңдар қабылданды. Алғашрет жергілікті әкімдіерді тікелей сайлау механизмі енгізілді. Осы жазда біз аймақтарда болып, азаматтармен пікір алмастық. Бұл реформалар қазірдің өзінде оң нәтиже беріп, халықтың қолдауына ие болды деп айтуға толық негіз бар»,-деді депутат.

Сенатордың сөзіне қарағанда, Конституцияға енгізілетін түзетулер билікті монополияландыратын мүмкіндіктерді болдырмауы керек.

«Бүгін біз жаңа, әділетті Қазақстанды бірге құрып жатырмыз. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған конституциялық реформа саяси жүйені сапалы қайта құрудың негізін қалады. Оның мақсаты – суперпрезиденттік модельден бас тарту, саяси бәсекелестікті дамыту және билікті монополияландыратын мүмкіндіктерді болдырмау, елді басқаруға азаматтарды кеңінен тарту. Бірақ жаңа демократиялық нормалар тезірек жұмыс істеуі үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта іске қосу қажет. Біл міндетті ел Президенті 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған болашақтағы сайлау шешуге тиіс. Алдағы президенттік және парламенттік сайлаудан кейін Президент, жаңартылған Парламент және қалыптасқан Үкімет біртұтас саяси парадигмада бірге жұмыс істеуі маңызды. Сондықтан мен депутаттарды Конституцияға ұсынылған түзетулер мен заң жобасын қолдауға шақырамын», - деді Динар Нөкетаева.

Видеодан алын ғ ан кадр