УЕФА-ның кезекті XXXVIII Конгресі Астанада 27 наурызда Тәуелсіздік сарайында өтеді. Тікелей эфирде оны UEFA.com сайтынан көруге болады. «Бұл Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының Қазақстанға деген үлкен сенімін білдіреді, себебі Конгресс тұңғыш рет ТМД елдерінде өтпек», - деп жазады ұлттық федерацияның баспасөз қызметі.
Конгресс УЕФА ұйымының басқарушы органы болып табылады және 54 мүше елдің қауымдастықтары конгресс отырысында жыл сайын бас қосады.
Шара аяқталысымен УЕФА басшысы Мишель Платини мен еуропалық футбол одағының бас хатшысы Джанни Инфантино баспасөз мәслихатын өткізетін болады.