Қазақстан ТМД елдері ішінде Бірыңғай экономикалық кеңістікке дайындықта 1-ші орын алады - Словакия Елшісі Д.Подгорский

АТЫ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бірыңғай экономикалық кеңістік Қазақстанның Еуропаға жолының бастамасы. Бұл Алматыда өтіп жатқан "Қазақстанның еуропалық перспективасы: серіктестіктің жаңа кезеңдері" деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл шараға кездейсоқ келген жоқпын. Бұл мен үшін үлкен виза. Өйткені 2003 жылы Қазақстанға техникалық комитеттің аккредитация жүйесін енгізу мен сертификациялауды бағалаудың сәйкестігін тексеру үшін келген едім. Ол кезде бұл мәселе, Қазақстан, Ресей, Беларус арасындағы Кеден Одағында маңызды рөл атқарады деп ойлаған жоқпын. Енді бұл қызметті Словакияның Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде одан ары жалғастыруға мүмкіндік туып отыр", дейді Душан Подгорский. Бүгінгі таңда Халықаралық бизнес университетінде осы мәселе жөнінде дәріс оқып жүрген оның пайымдауынша, Қазақстан Бірыңғай экономикалық кеңістікке дайындықта ТМД елдерінің ішінде 1-ші орында келе жатыр. Жалпы тауар мен қызметтің еркін қозғалысынсыз Еуропаға жол ашу мүмкін емес.