Кездесу барысында қатысушылар қазіргі әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасты және ТМД кеңістігіндегі әскери қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері жөніндегі мәселелерді талқылады.
2018 жылы әскери ынтымақтастықты дамыту бойынша ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жұмыс органдарының нәтижелері және 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобалары мақұлданды. Сонымен бірге жиында пилотсыз авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелері мен мемлекеттік радиолокациялық істердің бірыңғай жүйесі туралы талқыланды.