«Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесі отырысының өтуі оқиғасы тағы да Қазақстан тарапы ірі шараларды ұйымдастыруда өте қолайлы әрі берекелі алаң екенін дәлелдеді. Бір апта бұрын Алматы қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 45-отырысы өткен болатын. Атап айтқанда, биыл Қазақстан төраға болмаса да, Үкімет басшылары кеңесінің отырысына Астанада талқылау алаңын ұсынып, тиісті құжаттарға қол қою тұрғысында өте жемісті болды», - деді ол.
Сонымен қатар Сергей Лебедев 8 қарашада Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті өтетінін, ал 9 қарашада Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы (Петропавл қаласында) ұйымдастырылатынын еске салды.
«Осы фактілердің барлығы ҚазақстанТәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сақталуы мен нығаюының жақтасы болғанын әрі осы бағытта жұмысын жалғастыра беретінін білдіреді. Бұл пікірді бүгін Достастық елдері делегацияларының басшыларын қабылдау кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та растады», - деді С. Лебедев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталған болатын.