Қазақстан Токио Олимпиадасына қатысуға ресми шақыру алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ХалықаралықОлимпиадалық комитеттің (ХОК) шақыру хатында ХОК президенті доктор Томас Бахтыңқолы қойылған. Айта кетейік, ХОК дәстүр бойынша Олимпиадаға бір жыл уақытқалғанда ұлттық олимпиадалық комитеттерге шақыру жібереді.


«Қазіргітаңда Қазақстан командасында 10 лицензия бар. Олимпиадағы жолдаманы жүзушіДмитрий Баландин (100, 200 метр, брасс), жеңіл атлеттер Ольга Рыпакова менГеоргий Шейко, велошабандоз Евгений Гидич (лицензия белгілі бір спортшығаберілмейді), классикалық садақ атудан Қазақстанның ерлер командасы (ДенисГанькин, Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев) және ашық суда жүзуші Виталий Худяковиеленді. Садақ ату спортынан Қазақстан командалық және жекелей сайыста да өнеркөрсетеді», - делінген ҚРҰлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратында.

Токиодағы Олимпиадаойындарына әлемнің 206 елінен 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Жарыс2020 жылғы 24 шілдеде басталады, жабылу салтанаты 9 тамызда өтеді.



Соңғы жаңалықтар