Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты.
Қатысушылар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.
Сыртқы істер министрлері биылғы 14 қазанында Қазақстан астанасында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті.