Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.
«Біздің алдымызда Түркия мен Оңтүстік Еуропаға дейінгі тікелей темір жол бағыты ашылып отыр. Бұл жүк тасымалына кететін уақытты екі есеге қысқартады», - деді Қ. Алпысбаев.
Қазіргі таңда Қазақстан және Әзербайжанның Құрық, Ақтау, Баку, Алят порттары байланысында бірыңғай цифрлық платформа құру мәселесі талқылануда. «Оны мүмкіндігінше тезірек іске асыру үшін әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді компания басшысы.