U17 жас санатындағы аралас команда эстафетада күміс жүлдеге ие болып, тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Аталған бағдарламада ел намысын Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Азия чемпионатының алтын жүлдегерлері атанған Рамазан Айнегов (U17) пен Ясмина Бузуртанова (U15) ел қоржынына екі алтын медаль салған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін триатлоннан Азия чемпионатында Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова екі алтын медаль жеңіп алған болатын.