АЛМАТЫ. KAZINFORM - Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Батыр Жанұзақ, Марлен Маратов және Зарина Дигарбекова танымал британдық Britain's Got Talent («Британия талант іздейді») телешоуында өнер көрсетті.
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады, онда қатысушылардың бірі баспалдақпен көтерілді, ал серіктес оның басына сүйеніп, бір қолымен тірек жасады.
Жобаның көрермендері мен қазылар алқасы Саймон Коуэлл, Аманда Холден, Алиша Диксон және Бруно Тониоли әртістерге қошемет көрсетті.
Қазақстаннан қатысушылар бірауыздан 17 мамырда өтетін жобаның екінші турына өтті.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.