Қазақстан тумалары Ресейде мүгедек қызды асырап алу үшін бюрократиялық кедергілерден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүгедек болғандықтан, туған ата-анасы бас тартқан 4 жасар Эля жаңа отбасының тәрбиесінде болады. Оны қазіргі кезде Германияда тұрып жатқан қазақстандық отбасылық жұп алып кетті, деп хабарлайды 1tv.ru.

Қазақстанда туылған, қазіргі кезде Германия азаматтары болып табылатын Әли мен Юлия Бейсеновтер қыз баланың жанары бақыттан жайнауы үшін үлкен жол жасады. 2014 жылдың наурыз айында олар Эляның тағдыры туралы еріктілерден білді. Қыз баланың қолының ауыр патологиясы бар.

Қыз баламен өткен жылдың жазында бірінші рет танысқаннан кейін Бейсеновтер оны асырап алу үшін қажетті құжаттарды жинауға кірісіп кетті. Үш ел - Германия, Ресей және Қазақстанда қағаздар дайындау үшін айлар кетті. Мыңға жуық парақ жиналды. Ақыры Приморье бала асырау органдары өз рұқсатын бергенде, жергілікті өлкелік сот кенет асырап алуға болмайтындығы туралы шешім шығарған. Бұдан соң ерлі-зайыптылар Ресейдің Жоғарғы сотына апелляция берді. Өз кезегінде ол баланы асырап алуға рұқсат берді.

Эляның өмірі өткен Уссурийск балалар үйінде дені сау, бірақ патологиямен туылған балалар тәрбиеленуде.

«Қаңтар айында Мюнхен емханасына, сосын тағы басқасына барамыз. Біздің проблемаларымызды косметикалық түрде шеше аламыз деп сенеміз», - дейді Юлия Бейсенова.

Енді олар соңғы ресми құжаттарды ретке келтіруде. Отбасы Эляні асырап алу туралы куәлікті алды.

Ертең Бейсеновтерге Элянің шетелдік төлқұжаты беріліп, одан кейін отбасы Германияға жол тартады. Олар Мюнхенге Жаңа жылдың алдында жетуді жоспарлап отыр.