Бұл туралы бүгін Астанада жұқпалы респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың алдын алу шараларына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин хабарлады.
«Қазан айынан бастап, тегін вакцинациялау қауіпті топтарға жүргізіледі. Мемлекеттік бюджет есебінен тыныс жолдарының созылмалы ауруымен ауыратын балалар, интернаттар мен жетімдер үйлерінің тәрбиеленушілеріне, сонымен қатар медицина қызметкерлеріне осы вакцина егіледі», - деді Ж.Бекшин.
Оның айтуынша, вакцинаның еш қаупі жоқ және ол тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі.
Бас санитарлық дәрігер атап өткендей, былтыр 700 мың вакцина сатып алынып, 1 млн. 84 мың адам вакцинациядан өтті. Ал жыл сайын тұмаумен сырқаттанғандардың саны 1,2 млн. адамды құрайды. Бұл шамамен халқымыздың 10 пайызы.