Қазақстан өкілі Нора Джеруто жарыстың негізгі фавориттерінің бірі болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт ішінде жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтыны» болды.
Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды.
Бұған дейін іріктеу жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын.
Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.
Фото: olympic.kz