Қазақстан «Тур Даун Андер» көпкүндік веложарысына қатысатын құрамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның «Astana Qazaqstan Team» велокомандасы «Тур Даун Андер» көпкүндік жарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған бәсеке 17-22 қаңтар аралығында Австралияда өтеді. Жарыс барысында қазақстандық команда Дмитрий Груздев (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Джанни Москон, Луис Леон Санчес (Испания), Фабио Феллине (Италия), Мартин Лаас (Эстония), Леонардо Бассо (Италия) сынды велошабандоздарға үміт артады.

Еске салайық бұған дейін 2023 жылғы Қысқы универсиаданың ашылу салтанаты қашан басталатынын жазған едік.


Фото: instagram.com/astanaqazaqstanteam