Қазақстаннан Ресейге баратын туристердің саны 656 мың адамды құрады. Яғни өткен жылғы көрсеткіш өзгермеген.
Сондай-ақ хабарламада Ресейге баратындар саны Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуроодақ азаматтары есебінен артып отырғандығы айтылады.
Қытай (216 мың сапар, 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда + 18%) мен Оңтүстік Корея (34 мың, +48%) биылғы жылдың бастыпқы үш айымен есептегенде Ресейге сапарлаушылар саны жағынан көш бастап тұр.
Ал Еуропалық Одақ бойынша Финляндия, Польша, Эстония, Германия, Латвия мен Литва мемлекеттері алдыда тұр.
Ресейге келетін туристердің жалпы саны биылғы жылдың 3 айында 4,3 млн-ды құраған.
Тұрғындары Ресейге ең көп баратын елдер:
1. Украина, 1,556 мың (-1%);
2. Қазақстан, 656 мың. (0%);
3. Қытай, 216 мың. (+18%);
4. Финляндия, 204 мың. (-13%);
5. Әзербайджан, 193 мың. (+7%);
6. Польша, 163 мың. (-14%);
7. Армения, 122 мың. (-7%);
8. Молдова, 111 мың. (+4%);
9. Абхазия, 105 мың. (+14%);
10. Қырғызстан, 88 мың. (+6%).
Фото: turako.ru