ҚазАқпарат аталған мақала ішінен кейбір үзінділерді жариялайды.
Британдық Ernst&Young аудиторлық компания болжамдарына сәйкес, жақын арадағы 5 жылда Қазақстан ЖІӨ-нің 7 пайыздық деңгейіндегі жыл сайынғы өсімімен әлемдегі экономикасы тез өсетін елдердің алғашқы үштігінде қалады.
Бүгінде республика - «ТМД елдері арасында бизнес жүргізу үшін ең жылы қолайлы жер болып табылады». «Біз Қазақстанның ғаламдық әлемдік инвесторларға екі нәрсе - мүмкіндіктер мен болжай алушылықты ұсына алады деп есептейміз.
Соңғы онжылдықта парламенттік және президенттік сайлау алдында, соның ішінде халықаралық ұйымдар жүргізетін әлеуметтік сұрау жүргізулер тұрғындардың Мемлекет басшысына деген сенімінің деңгейі тұрақты түрде жоғары болып қалып отырғанын көрсетуде. Бірінші кезекте, бұл мемлекет саясатының орысша сөйлесетін тұрғындарға қатысты, ал бұл, жақында өткен халық санағы бойынша - 30 пайыз. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылатын Қазақстанда орыс тілі кең қолданымға ие, «ұлтаралық қатынас тілі» болып қалуда. Бұның өзінде билік көздері тілдік немесе ұлттық белгілер бойынша ешқандай дискриминацияға жол бермейді, мұндай жағдай бұрын КСРО-ның ыдырауы кезінде болған.
Бұл ел 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болып сайланып, Астанада «онжылдық саммитін» өткізе алды. Ал 2011 жылы Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуде.