Қазақстан тұрғыны шекарадан тірі тотықұстар мен тасбақаларды алып өтпекші болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Ресей шекарасында тотықұстар мен тасбақаларды алып өтуге жол берілмеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 41 жастағы қазақстандық азаматша тотықұстар мен тасбақаларды контрабандалық жолмен шекарадан алып өтпекші болған.

Ол «Қостанай - Екатеринбург» бағытындағы автобусында «Қайрақ авто» өткізу бекетінде ұсталды. Тексеру барысында әйелдің жүгінен 40 тірі тотықұс пен тасбақа табылды. Жүктің рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Қарабалық ауданының өзара байланыстағы органдарының өкілдері ақпараттандырылды.