«Ауыл шаруашылығын ынтымақтастықтың тағы бір өзара тиімді бағыты ретінде айқындадық. Бұл тұрғыда қазақстандық бидайды түрікмен нарығына экспорттау перспективаларын егжей-тегжейлі талқыладық. Түрікмен-ауған шекарасында астық терминалын салу жоспарына жеке тоқталдық. Осы мақсатта жобаны іске асыру шарттары мен мерзімдерін талқылайтын бірлескен жұмыс тобы құрылды. Сердар Бердімұхамедовтің ұсынысымен жол картасы әзірленетін болады. Екі елдің Үкіметтері осы бағытта белсенді жұмыс істеген жағдайда барлық мәселе оң шешіледі деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: akorda.kz