Шараға Шекара күзеті өңірлік басқармасының қолбасшылығы, Маңғыстау облысының әкімі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ардагерлері және Болашақ ауылының тұрғындары қатысты.
Жиналғандар қазіргі заманның сын-қатерлері Қазақстан шекарашыларынан дайындық пен материалдық-техникалық жабдықтаудың жоғары деңгейде болуын талап ететінін айтты.
Шекаралық кешенде заманауи инфрақұрылымның қажетті нысандары: заставаның әкімшілік ғимараты, офицерлік құрамның үйлері, әскерлерге арналған заманауи казарма, асхана, спорт кешені, балалар ойнайтын алаңдар бар. Бұған дейін шекарашылар жылжымалы модуль негізінде қызмет етіп келген.