«Қазақстан Түрікменстанға 80 тауар позициясы бойынша экспортты арттыра алады. Түрікмен кәсіпкерлері өз өнімдерін біздің нарыққа жеткізуді ұлғайта алатынына сенімдімін. Біз осы мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Өнімнің субсидияланған жеткізілімін кеңейту мүмкіндігінің бар екендігін де атап өттік. Перспективалы коммерциялық келісімшарттар «Қазақэкспорт» сақтандыру компаниясының экспорт желісі бойынша іске асырылуы мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Президенті 2024 жылға дейін екіжақты ынтымақтастықты нығайту жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыру екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін тереңдетуге ықпал ететінін бас айтты.
«Біздің мақсатымыз - алдағы жылдары өзара сауданың 500 млн долларға дейін өсуін қамтамасыз ету. Және де жақын болашақта біз миллиардтық межеге де шыға аламыз. Ол үшін тауар айналымын ұлғайту және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі екіжақты жұмыс тобының қызметін жандандыруды тапсырдық. Біздің тапсырмамыз бойынша екі елдің Үкіметтері осы мүмкіндіктердің барлығын пысықтайды», - деді Мемлекет басшысы.