«Қазақстанның туристік бағыттарының әлеуеті өте жоғары. Тылсым табиғаты тұнып тұрған әрі ашық жерлері өте көп. Пейзажы мен тарихы, дәстүрі мен мәдениеті ғана бұл жерді бірегей жасап отырған жоқ. Шетелдіктер Қазақстан жайында көп мәліметтерді біле бермейді. Туризмді тек туризм үшін ғана емес, сонымен бірге саяси әрі экономикалық табыс үшін пайдалануларыңыздың өмірлік маңызы бар. Елдеріңізді брендке айналдырып, мемлекеттеріңізді бүкіл әлемге паш етулеріңіз қажет. Біздің бас ассамблеямыз 2009 жылы Астанада өткен болатын. Бұл Қазақстанмен қарым-қатынастағы сенімді арттыра түсуіміз қажеттігіне берілген өте маңызды белгі десек те болады», - деді Талеб Рифаи «ЭКСПО-2017» медиа орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Талеб Рифаи ЭКСПО-2017 алаңында өтіп жатқан туризм және болашақ энергиясына арналған халықаралық конференцияға қатысуда. Алқалы жиынға халықаралық жәтен отандық үкіметтік емес ұйымдардың, 150 елдің салалық министрліктерінің, туристік агенттіктердің 700-ден астам өкілдері қатысуда.
Айта кетерлігі , БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рафаи ертең Қазақстан Үкіметінің отырысына қатысатын болады. Мұны жоғарыда аталған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім еткен еді.